Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Үкімет 2027 жылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібін бекітті

kz.kursiv.media

Үкімет 2027 жылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібін бекітті

Үкімет 2027 жылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібін бекітті. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жаңа ереже 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Құжатта АӘК көлемі, оны ұсыну шарттары, сондай-ақ отбасының мемлекеттік қолдауға мұқтаж еместігін анықтайтын шартттар белгіленген. Адамға немесе отбасыға берілетін АӘК мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен елорда, облыс, республикалық маңызы бар қалаларда белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырмашылық түрінде есептеледі.

Атаулы әлеуметтік көмек екі түрлі форматта беріледі.

Біріншісі – шартсыз ақшалай көмек. Бұл көмек жұмыс істеуге жағдайы жоқ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған. Оған зейнет жасына жеткен, I немесе II топтағы мүгедектігі бар немесе 2 айдан астам уақытша еңбекке жарамсыз аз қамтылған азаматтар жатады. Сонымен қатар еңбекке қабілетті адамдары жоқ отбасыларға да осы көмек түрі төленеді.

Егер отбасыдағы жалғыз еңбекке қабілетті адам 3 жасқа дейінгі бала, мүгедектігі бар бала, I немесе II топтағы мүгедектігі бар адам немесе күтімге мұқтаж қартты қарап отырса, ол да шартсыз ақшалай көмекті ала алады.

Екіншісі – шартты ақшалай көмек. Көмектің бұл түрін тағайындау үшін мемлекетпен әлеуметтік келісімшарт жасасу міндетті.

Сонымен бірге учаскелік комиссиялар отбасының материалдық жағдайын тексеруді жалғастырады. Комиссияның «мұқтаждық жоқ» деген қорытындысы көмектен бас тартуға негіз болуы мүмкін.

2027 жылдан бастап әлеуметтік қолдау жүйесі мүлдем жаңа форматқа көшеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік жәрдемақылардың 14 түрін тағайындау кезінде отбасының әл-ауқатын кешенді бағалайды.

Енді мемлекет азаматтардың белгілі бір әлеуметтік санатқа жатуына ғана емес, отбасының жалпы әл-ауқаты мен тұрмыс деңгейіне баса назар аударады

Бұған дейін АӘК алу үшін мыңдаған отбасы қағаз жүзінде ажырасқаны белгілі болған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар