-10 градусқа дейін суытады: синоптиктер қыстың ызғары келе жатқанын мәлімдеді
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 22, 23 және 24 қазанға ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес күздің жылы күндері аяқталып, қысқтың ызғары біліе бастайды, деп жазады Kursiv.Media.
«Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді. Оның әсерінен жауын-шашын тоқтап, алдымен еліміздің батыс өңірлерінде, кейін басқа аймақтарда ауа температурасы төмендейді», – делінген хабарламада.
Түнгі уақытта солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасы біртіндеп 0, +5°С-тан −5–10°С-қа дейін төмендейді.
Тіпті оңтүстік өңірлердің тұрғындары да қыстың жақындағанын сезінеді. Түнде ауа температурасы −2–7°С-қа дейін төмендеп, күндіз +2–7°С аралығында болады.
Бүгін, 21 қазанда Абай, Павлодар, Қарағанды, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар жаууы мүмкін. Осыған байланысты ҚазАвтожол жүргізушілерге ескерту жасады.
- Соңғы
- Қазан, 21
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 қазан 2026