Бақытжан Бұқарбай: Әл Фараби – қазақ пен португалды біріктіретін ортақ тұлға
Бақытжан Бұқарбай қазақтар үшін тың жаңалық ашып, қазақ пен португалды біріктіретін ортақ тұлғаны атады, деп хабарлайды Kursiv.media.
Ол Лиссабондағы кітап дүкендерін аралап жүріп бір нәрсеге қатты таңғалған. Португалияда букинист кітап дүкендерін «Альфарабиста» деп атайды екен.
«Бұл сөз құлағыма бірден таныс естілді. Сол сәтте-ақ бұл сөздің қайдан шыққанын шамалап түсіндім де, гуглдан тексердім. Иә, дәл солай екен. Португал тіліндегі алфарабиста сөзі біздің ұлы бабамыз әл Фарабидің есімімен тікелей байланысты», – деді Бақытжан Бұқарбай.
Ол қызық үшін осы сөздің қайдан шыққанын білесіздер ме деп кітап сатушылардан сұрап көрген. Көбі білмеген. Тек біреуі ғана дұрыс жауап берген.
«Бір қызығы, бұл сөз ескі кітап сататын адамдардың атауына қалай айналып кеткен? Альфарабио сөзі – португал тілінде «ескі кітап, көне том» деген мағынаны білдіреді. Өйткені көне кітаптарда әл Фарабидің аты жиі кездескен. Кейін оның есімімен күллі ескі кітаптарды атай бастаған», – дейді Бақытжан Бұқарбай.
Айта кететін жайт, Бақытжан Бұқарбай ақын Ханбибі Есенқарақызының жаназада сыйлық туралы айтқанын ұнатпаған еді.
- Соңғы
- Қазан, 21
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 қазан 2026