Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

TikTok-та тікелей эфир кезінде балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды

kz.kursiv.media

TikTok-та тікелей эфир кезінде балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды

Алматы облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Сот баспасөз қызметі хабарлауынша, оқиға 11 қазанда сағат 12:00 шамасында болған. Әйел үйінде отырып тікелей эфир жүргізу кезінде бейәдеп сөздер қолданған.

Сот отырысында іс материалдары, соның ішінде балағат сөздер айтылғаны тіркелген бейнежазба зерттелді. Әйел өз кінәсін мойындады.

Сот оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 3-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша 20 АЕК, яғни 2026 жылы 86 500 теңге айыппұл салды.

Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде балағат сөз айтып, алкоголь ішіп, темекі шеккен екі әйел ұсталған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар