Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жаңбыр аралас қар жауады: ҚазАвтожол жүргізушілерге ескерту жасады

kz.kursiv.media

Жаңбыр аралас қар жауады: ҚазАвтожол жүргізушілерге ескерту жасады

«ҚазАвтоЖол» бес облыста ауа райы бұзылатынын ескертіп, жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бүгін, 21 қазанда Абай, Павлодар, Қарағанды, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде қар жаууы мүмкін. Соның салдарынан республикалық автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол тайғақ болуы ықтимал.

«Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз», – делінген хабарламада.

«Қазгидрометтің» 21 қазанға ауа райы болжамына сәйкес, ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстік пен шығыста күн күрт суытады деп күтілуде.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар