Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өзбек финтех компаниясы Астана биржасына шариғат талабына сай облигация орналастырды

kz.kursiv.media

Өзбек финтех компаниясы Астана биржасына шариғат талабына сай облигация орналастырды

Өзбекстандық компания Астана биржасында (AIX) өзінің алғашқы жария ислам облигацияларын (сукук) орналастырды. Alif Moliya Sukuk SPC Limited компаниясының жалпы сомасы 10 млн долларды құрайтын блигациялары биржаның ресми тізіміне енгізілді. Бұл – Өзбекстанның AIX платформасына қадам басқан алғашқы эмитенті.

Осы мақсатта АХҚО-да Alif Moliya Sukuk SPC Ltd арнайы құрылымы тіркеуден өткен. Ташкенттік Alif Moliya компаниясы Өзбекстан нарығында 2019 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді.

Ол Ұлыбританияда орналасқан халықаралық Alif Capital Group құрамына кіреді. Финтех ұйым өңірдегі электронды коммерция мен BNPL («қазір ал, кейін төле») моделі бойынша тұтынушылық қаржыландыру саласында көш бастап тұр.

Компания бүкіл қаржы қызметтерін, соның ішінде Alif Nasiya бөліп төлеу сервисін де тек ислами қаржыландыру шарттарына сәйкес ұсынады. Компанияның халықаралық капитал нарығында тәжірибесі бар.

2025 жылдың сәуір айында Alif Moliya Өзбекстан ұйымдары арасында алғаш сукук шығарған. Ол кезде компания Люксембург қор биржасында 5 млн доллардың облигацияларын орналастырған.

AIX Басқарма төрайымы Әсел Мұқажанованың айтуынша, бір ай бұрын Astana Finance Days форумында ислам қаржыландыру құралдары арқылы капитал тартқысы келетін эмитенттерге арналған жол картасы таныстырылған.

Құжатты әзірлеуге АХҚО-ның Ислам қаржыландыру жөніндегі шариғат кеңесі белсене қатысты. Alif Moliya компаниясы осы жол картасын іс жүзінде қолданған алғашқы эмитент атанды.

Alif Capital Holding тең құрылтайшысы әрі директоры Зухуршо Рахматуллоев бұл қадамның өңірлік интеграция үшін маңызды екенін атап өтті.

Оның сөзінше, Тәжікстаннан шыққан кәсіпкер Өзбекстанда бизнесін дамытып, ал инвестицияны Қазақстаннан тарта алады. Осылайша Орталық Азияда бизнес жүргізуге арналған бірыңғай мүмкіндіктер кеңістігі қалыптасып келеді.

Сукук – исламдық нарықта облигацияларға ұқсас актив түрі. Оны шариғат стандарттарына сәйкес келетін компания ғана шығара алады. Сукук сатып алатын инвестор компанияның материалдық активтерінің немесе ұсынылатын қызметтерінің үлесіне иелік етеді. Бұған қоса ол пайданың бір бөлігін алады. Эмитенттің қызметінен түсетін табыс неғұрлым жоғары болса, инвестор соғұрлым көп пайда табады.

Бұл құралдың облигациялардан айырмашылығы – кепілді кірістің жоқтығы. Бірақ көп жағдайда сукук кірістілік тіпті облигациялардікінен асып түседі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар