Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне бюджеттен қанша қаржы бөлінді

kz.kursiv.media

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне бюджеттен қанша қаржы бөлінді

2026 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға республикалық бюджеттен 43,4 млрд теңге қарастырылған. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. НЗМ-нің қанша мектебі бар, онда қанша бала оқиды және бюджеттен бөлінетін қаржы нақты не үшін беріледі – Kursiv Media түсіндіреді.

«Ашық бюджеттер» порталындағы Оқу-ағарту министрлігінің жаңартылған бюджеттік бағдарламасына сәйкес, 2026 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 43,398 млрд теңге қарастырылған. Бұл – 004 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» бағдарламасының 101 кіші бағдарламасы.

Соңғы жылдары мемлекеттік білім беру тапсырысына жұмсалған қаржы былай өзгерген:

Мемлекеттік білім беру тапсырысы, млрд теңге

Осылайша, 2022 жылмен салыстырғанда 2026 жылғы қаржыландыру шамамен 8 млрд теңгеге немесе 22%-ға көбейген. Ал 2025 жылмен салыстырғанда биылғы жоспар шамамен 4 млрд теңгеге, яғни 10%-ға жоғары. 2027 жылға 44,15 млрд, 2028 жылға 44,69 млрд теңге жоспарланып отыр.

NIS-тің ресми мектептер порталында қазіргі уақытта 21 Назарбаев Зияткерлік мектебі көрсетілген. Бұдан бөлек NIS жүйесінде үш халықаралық мектеп бар. Портал мәліметінше, жалпы жүйеде 20 034 оқушы және 2 616 педагог бар. НЗМ-ді осы уақытқа дейін 23,7 мыңнан астам түлек аяқтаған.

Зияткерлік мектептер Астана, Алматы, Шымкент және бірқатар облыс орталықтарында орналасқан. Астана мен Шымкентте екі НЗМ-нен бар. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі NIS хабарламасында жаңа оқу жылы 21 Назарбаев Зияткерлік мектебінде басталғаны көрсетілген. Сол оқу жылында 7-сыныпқа «Өркен» грантымен тағы 2 814 оқушы қабылданды.

Бұл жерде бір маңызды айырмашылық бар. NIS порталы бүкіл мектеп жүйесінде 20 мыңнан астам бала оқитынын көрсетсе, бюджеттік бағдарламадағы мемлекеттік тапсырыстың есептік көрсеткіші басқа. 2026 жылы НЗМ мен оның жатақханаларында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім алатын оқушылардың жылдық орташа саны 16 665 адам деп алынған.

Егер 2026 жылға бөлінетін 43,398 млрд теңгені бюджеттік бағдарламада көрсетілген 16 665 оқушыға бөлсек, бір оқушыға жылына орта есеппен шамамен 2,6 млн теңгеден келеді. Айға шаққанда бұл шамамен 217 мың теңге.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар