Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оңтүстік Африкада акула шабуыл жасаған 65 жастағы әйел қаза тапты

kz.kursiv.media

Оңтүстік Африкада акула шабуыл жасаған 65 жастағы әйел қаза тапты

Оңтүстік Африка Республикасының Шығыс Кейп провинциясындағы КуГомпо қаласында акуланың шабуылынан 65 жастағы әйел көз жұмды. Қайғылы оқиға «Ориент-Бич» жағажайында болған, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.

SABC News хабарлауынша, қаза тапқан әйел Шығыс Лондон ашық су айдынында жүзушілер қауымдастығының мүшесі болған және жалғыз өзі жүзуді ұнатқан. Таңғы сағат 8:00 шамасында ол суға түсіп, көмек сұрап белгі берген.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына бірнеше жүзуші дереу жетіп, екеуі әйелге алғашқы болып көмекке келген. Кейін оларға әйелдің ұлы қосылып, жағаға шығарып алуға көмектескен.

Әйелдің қолында акулаларды үркітетін арнайы магнитті білезік болғанына қарамастан, ол оң қолы мен жамбасынан ауыр жарақат алған.

Жүзушілердің бірі жағажайда шұғыл көмек көрсеткенімен, әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Қайғылы жағдайдан кейін Баффало-Сити муниципалитеті «Ориент-Бич» және «Ист-Бич» жағажайларын белгісіз мерзімге жауып тастады.

Айта кететін жайт, әлемде акуланың 520-ға жуық түрі кездеседі. Қазірге дейін тіркелген шабуылдарға олардың тек он шақты түрінің ғана қатысы бар.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар