Қазақстандық пара жүзуші Азия рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық пара жүзуші Диас Кенжебек Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды. Ол 100 метрге жүзуден Азия рекордын жаңартып, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Kursiv Media.
20 қазанда Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық Диас Кенжебек үздік нәтиже көрсетті.
Ол S10 санатында 100 метрге шалқалап жүзуден финалдық жарысқа қатысып, 1 минут 1,98 секунд нәтижемен мәреге бірінші жетті. Бұл көрсеткіш Азияның жаңа рекорды ретінде тіркелді.
Екінші орынды 1 минут 5,13 секунд нәтижемен Жапония спортшысы иеленді. Ал тағы бір жапониялық жүзуші 1 минут 7,64 секунд көрсеткішпен қола медаль жеңіп алды.
Бұл – Диас Кенжебектің Аичи-Нагоядағы Азия Пара ойындарында иеленген үшінші жүлдесі. Бұған дейін қазақстандық спортшы 100 метрге еркін жүзуден және 200 метрге кешенді жүзуден күміс медаль алған болатын. Осылайша, Диас Кенжебек бір алтын және екі күміс медаль иеленіп, Қазақстан құрамасының қоржынына үш жүлде салды.
- Соңғы
- Қазан, 21
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 қазан 2026