Аулауға болатын жануарлар тізімі жаңарады
Елімізде аңшылыққа қатысты жаңа бұйрық қабылданды. Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығына сәйкес, аңшылық нысаны болып саналатын жануарлар екі топқа бөлінеді. Олар лимиттелетін және лимиттелмейтін түрлер, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Жалпы тізімде жануарлардың 44 түрі бар.Оның ішінде 17 түрі лимиттелетін жануарлар, 27 түрі лимиттелмейтін жануарлар.
Лимиттелетін жануарлар қатарына қасқыр, қоңыр аю, қабан, марал, елік, бұлан, киік, тау ешкісі және басқа да жануарлар енгізілген. Сондай-ақ бұл тізімде құр мен гималай ұлары сияқты құстар бар. Ал лимиттелмейтін түрге жанат тәрізді ит, түлкі, ақкіс, тиін, ор қоян, кекілік, құр, қырғауыл кіреді.
Құжатқа сәйкес, жаңа тізім 2027 жылғы 16 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Лимиттелетін түрлерді аулау арнайы белгіленген шектер мен қолданыстағы рұқсат беру талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ал лимиттелмейтін түрлерге қатысты аңшылық заңнамада белгіленген өзге талаптарға бағынады.
Жаңа тізім аңшылық нысаны саналатын жануарлар түрлерін нақтылауға және оларды аулау тәртібін заң талаптарына сәйкес реттеуге бағытталған.
Тағы да оқыңыз: Ресейде 100 мың аюды атып өлтірмек
- Соңғы
- Қазан, 21
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 қазан 2026