Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада отбасы 52 теңге үшін мемлекеттік көмектен қағылған

kz.kursiv.media

Астанада отбасы 52 теңге үшін мемлекеттік көмектен қағылған

«Қазақстандағы қолжетімді тұрғын үй» конференциясында Nomad Rights қоғамдық қорының директоры Әлішер Қожағұлов әлеуметтік осал топтарға берілетін тұрғын үй сертификаты берілмей қалған жағдайды айтты, деп жазады Kursiv.Media.

«Әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға еліміздің әртүрлі қалалары мен өңірлерінде тұрғын үй сертификаттары түрінде қайтарымсыз көмек көрсетіледі. Алайда көмек алушылардың санаттары әртүрлі болғандықтан, берілетін қолдау көлемі де өзгереді. Мәселен, бастапқы жарнаның 10 пайызынан бастап 1,5 миллион теңгеге дейін көмек қарастырылуы мүмкін», – деді Қожағұлов.

Оның айтуынша, Астанадағы жағдай мұндай көмекті алу кезінде туындайтын мәселелерді көрсетеді. Жеңілдетілген ипотека рәсімдеу үшін азаматтар төлем қабілеттілігін растауы керек. Сонымен қатар мемлекеттік көмекті, яғни тұрғын үй сертификатын алу үшін белгіленген табыс шегінен аспауы қажет.

«Мәселен, бір жағдайда отбасының табысы белгіленген шектен небәрі 52 теңгеге асып кеткендіктен, бастапқы жарнаға берілетін 1,5 миллион теңге көлеміндегі тұрғын үй сертификаты берілмеді. Соның салдарынан мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған астаналық отбасы баспана алу үшін бастапқы жарнаны шұғыл төлеуге мәжбүр болып, екінші деңгейлі банктен несие және микрокредит алған. Бұл жағдай тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде табыс шегін есептеу тәртібі мен қолданыстағы талаптардың әлеуметтік осал отбасыларға қалай әсер ететінін көрсетеді», – деді Әлішер Қожағұлов.

Тағы да оқыңыз: Отбасы банкі 50 млн теңгеден асатын ипотека үшін алатын комиссиясын қымбаттатады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар