Республика күніне орай Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астаналықтар алдағы демалыс күндері Қарағанды және Қостанай облыстарының өнімдерін тікелей өндірушілерден сатып ала алады. 24-25 қазанда Республика күніне орай елордада өңірлердің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Екі өңір жәрмеңкеге жалпы көлемі мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімін жеткізеді.
Өңірден Астанаға 583 тоннадан астам өнім жеткізіледі. Оның ішінде:
Қостанай облысы 400 тоннадан астам өнімнің 100-ден аса түрін әкеледі. Атап айтқанда:
Жәрмеңкеге екі облыстан 140-тан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен кәсіпорын қатысады.
Ұйымдастырушылардың мақсаты – елорда тұрғындарына сапалы азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен ұсыну, отандық өндірушілерді қолдау және тауарды делдалсыз, тікелей өндірушіден тұтынушыға жеткізуге мүмкіндік жасау.
Жәрмеңке «Қазанат» ипподромының автотұрағында, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында ұйымдастырылады. Жәрмеңке екі күн бойы 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Тұрғындар мен қала қонақтарына ыңғайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орынға №18, 37 және 303 автобус бағыттары қатынайды.
Тағы да оқыңыз: Республика күні: Астанада концерттер қайда өтеді және кімдер өнер көрсетеді
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 21
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 қазан 2026