Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атыраудағы трагедия: Ақбаян Мұқанғалиева алғаш рет сұхбат берді

kz.kursiv.media

Атыраудағы трагедия: Ақбаян Мұқанғалиева алғаш рет сұхбат берді

Атыраудағы трагедиядан кейін тұтас отбасынан айырылған Ақбаян Мұқанғалиева алғаш рет тілшілермен тілдесті. Ол қазіргі жағдайы, балалары туралы әңгімеледі деп жазады Kursiv Media КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ақбаян қазір ағасы Шалқар Мұқанғалиевтың қолында. Апта сайын балалар үйіндегі бес баласына барады. Енді оларды қолына алғысы келеді.

«Кішкентайы жылайды, «алып кетші» деп. Үлкендері енді түсінеді. Қазір психологқа барып жүрмін.Таңертең, аптасына екі рет. Басқа ешқайда қаралып жатқан жоқпын. Басым мазаласа, кетеді ғой. Бірақ қатты ауырып жүргем жоқ», – дейді келіншек.

Өзінің айтуынша, бесінші баласын босанғаннан кейін сырқаттанып, ота жасатқан. Содан кейін денсаулығында кінәрат болған. Босанғаннан кейінгі өмірінде болған жағдайлар мүлде есінде жоқ. Бірақ әр баласы мен туған жылын жатқа біледі екен.

Туыстарының сөзінше, Ақбаян ағайындарын таниды, бұрынғы өмірін біледі. Соңғы кездері туған ауылын, ата-анасы мен бауырларын жиі сұрайтын болған. Бірақ дәрігерлер айтуға тыйым салғандықтан жақындары оларды ауылда деп алдарқатып жүр.

«Ауылға барғысы келеді. Шалқар (ағасы -ред.) апарам деп айтты ғой дейді. Бірақ дәрігерлер әлі дайын емес деген, сол үшн айтпай жүрміз. Айтқанның өзінде қайта ауыртып аламыз ба деген қорқыныш бар. Күтейік, аяғынан тұрып алсын», – дейді Ақбаянның әкесінің әпкесі Әсила Мұқанғалиева.

Дегенмен келіншек толық айықты деуге ерте, әлі де ұмытшақтық бар. Енді жақындары Ақбаян балаларын алып, бір отбасы болып өмір сүріп кеткенін қалайды. Алматы мен Астанадағы білікті дәрігерлерге қаратсақ деген ниеттері бар. Бірақ қаражат жағы қолбайлау болып тұр. Сол үшін көпшіліктен көмек сұрап отыр.

Ақбаян Мұқанғалиеваның есепшоттары:

Kaspi банк: 4400430002366935

Halyk банк: 4146213093321954 AKBAYAN MUKANGALIYEVA

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар