Шығыс Қазақстанда 1,5 млрд теңгенің алтын құрамды кенін заңсыз шығармақ болған
Күдіктілер елден жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын 2,6 мың тонна алтын құрамды кенді заңсыз әкетуге тырысқан. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасаған Kursiv Media жазады.
Тергеу деректеріне сәйкес, шикізатты шетелге шығару кезінде кедендік құжаттарда жүк «мыс кені мен концентраттары» ретінде көрсетілген. Солай кеннің нақты құрамын жасырған.
Жедел іздестіру және тергеу шаралары барысында Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарындағы қоймалардан контейнерлерге тиелген 1 мың тоннадан астам шикізат табылды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, заңсыз әрекетті ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен «RedGold Mining» ЖШС экспорттаушы компаниясының директоры және басқа да тұлғалар анықталған.
Іс бойынша екі күдікті қамауға алынды. Соттың санкциясымен серіктестіктің ақшалай қаражатына тыйым салынды.
Оқи отырыңыз: Шетелдік азамат аяқ киіміне 182 млн теңгенің алтынын жасырып өтпек болған
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 21
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 қазан 2026