Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда әскерге шақыру ережесі өзгереді

kz.kursiv.media

Қазақстанда әскерге шақыру ережесі өзгереді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында әскери реформа жоспарының жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Президент қысқа мерзімде заманауи, ұтқыр әрі технологиялық тұрғыдан озық армия құрудың айрықша маңызына тоқталды.

«Қарулы күштердің сапасын өзгерту міндеті қойылды. Өзгерістер басқару ісін, әскери қызметшілерді даярлауды, кадр саясатын, әскери білім беруді, қорғанысты жоспарлау мен технологиялық жарақтандыруды қамтуға тиіс. Әскери қызметтің қауіпсіздігіне, әскерге басшылық ету мәдениетіне және мемлекет ресурстарын тиімді пайдалануға айрықша мән беру керек. Армияның қоғаммен қарым-қатынасы да өзгеруге тиіс. Кешенді реформа қажет. Бұл істе толыққанды шешімдер қабылданбайынша, көздеген нәтижеге жету мүмкін емес», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Отырыста Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева мен Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов дайындалған жоспарды таныстырды.

Ұйымдастыру шаралары осы жылдың соңына дейін, ал негізгі тұжырымдамалық өзгерістер келесі жылы іске асырылады. Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру комиссиясының жұмысын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырып, бұл бағытта барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмыс істеуі тиіс екенін ескертті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар