Lexus LBX моделі жаңартылды
Lexus компаниясы LBX моделін ішінара жаңартты. Ондағы мақсат – Lexus-ке тән жоғары жайлылық пен сапаны қамтамасыз ету, деп жазады Kursiv.Media.
Toyota ақпаратына қарағанда, Германиядағы Нюрбургринг тасжолында аспа жүйесі мұқият бапталып, көліктің басқарылуы мен жүріс жайлылығы жақсартылған. Сондай-ақ шанақ түсіне жаңа «Sou» көк реңкі қосылып, әр жинақтамадағы түс таңдауы кеңейтілді.
LEXUS компаниясы жаңартылған LBX моделін 3 қарашадан бастап Жапонияда ресми дилерлік орталықтарында сата бастайды.
LBX моделі ықшам өлшемі, жоғары жүріс сапасы мен талғампаз дизайны арқылы люкс автокөліктері туралы дәстүрлі түсінікті өзгерту мақсатында жасалған.
«Жүргізуші мен көлікті біртұтас сезіндіретін басқарылуы және барлық жолаушыға жайлылық сыйлайтын қасиеті жоғары бағаланды. 2023 жылғы желтоқсанда таныстырылғаннан бері 2026 жылғы тамыздың соңына дейін әлемнің 60-тан астам елі мен өңірінде шамамен 130 мың дана сатылған», – делінен компанияның ақпаратында.
Lexus өзіне тән ерекше жүргізу сезімін одан әрі жетілдіру үшін көліктерінің негізгі сипаттамаларын тұрақты түрде жақсартып келеді. Бұған дейін LBX моделінің басқарылуы, тұрақтылығы және жүріс жайлылығы Toyota компаниясының Шимоямадағы техникалық орталығында (TTC-S) жетілдірілген.
Бұл жолғы жаңарту кезінде шанақтың қаттылығын арттырып, жүріс сапасын жақсарту үшін орталық көлденең арқалықтың қалыңдығы өзгертілді. Сонымен қатар Нюрбургринг тасжолында күрделі жол жағдайларында қайталама сынақтар мен баптау жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, амортизатор клапандарының сипаттамалары өзгертіліп, ойлы-қырлы жолда да шанақтың қозғалысын бірқалыпты басқаруға мүмкіндік жасалды. Нәтижесінде жүргізуші жолмен жанасудың жақсы сезімін байқаса, жолаушылар жайлы әрі бірқалыпты жүрісті сезінеді.
Сондай-ақ электрлік руль күшейткішінің (EPS) басқару жүйесі жаңартылып, рульдің табиғи әрі сенімді сезілуі қамтамасыз етілді. Рульді тұрақта және қала көшелерінде жеңіл бұрумен қатар, ирек жолдар мен тасжолдарда көліктің тұрақтылығы сақталады.
Барлық жинақтамаларда енді түрлі түсті проекциялық дисплей (рульдегі басқару батырмаларымен бірге) және бейнетіркегіш стандартты жабдыққа кіреді. Бұл пайдалану ыңғайлылығын арттырып, қауіпсіз әрі сенімді жүргізуге көмектеседі.
Шанақ түсіне барлық нұсқалар үшін жаңа «Sou» көк реңкі қосылған. Көк түс көліктің сыртқы келбетіне ерекше реңк беріп, қарапайым дизайнның өзінен даралық сезімін байқатады.
Көліктің түстері көп, бұл тұтынушылардың әртүрлі талғамы мен қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.
Айта кететін жайт, Lexus компаниясы флагмандық LX жол талғамайтын көлігіне бірқатар жаңарту енгізді,
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 21
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
22 қазан 2026