Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Hyundai Tucson-ның жаңа буынына алғашқы күні 15 мың тапсырыс түсті

kz.kursiv.media

Hyundai Tucson-ның жаңа буынына алғашқы күні 15 мың тапсырыс түсті

Hyundai Оңтүстік Кореяда бесінші буындағы Tucson кроссоверіне тапсырыс қабылдай бастады. Алғашқы күннің өзінде жаңа модельге 15 045 өтінім түскен. Бұл 2020 жылдың қыркүйегінде нарыққа шыққан алдыңғы буынның алғашқы нәтижесінен әлдеқайда жоғары. Ол кезде көлікке 10 842 тапсырыс берілген.

Алғашқы тапсырыстардың 55%-ы гибридті Tucson үлесіне тиесілі болды. Ал алдыңғы буында бұл көрсеткіш 48% болған.

2027 жылғы жаңа Tucson Hybrid 1,6 литрлік турбоқозғалтқышқа негізделген гибридті күштік қондырғымен жабдықталған. Оның жалпы қуаты 245 ат күшіне жетеді. Өндіруші мәліметінше, көліктің орташа отын шығыны 100 шақырымға 5,7 литрді құрайды.

Ал 1,6 литрлік турбоқозғалтқышы бар бензин нұсқасының қуаты – 193 ат күші. Бұған қоса, алдыңғы буындағы жеті сатылы робот беріліс қорабының орнына сегіз сатылы автоматты беріліс қорабы орнатылған.

Жаңа Tucson моделінің ұзындығы 6 см-ге, ені 4 см-ге, ал дөңгелек базасы 3 см-ге ұлғайған. Жүксалғышының көлемі 645 литрге дейін артты. Артқы есіктердің ашылу бұрышы да 73 градустан 83 градусқа дейін кеңейтілген. Бұл жолаушылардың көлікке кіріп-шығуын жеңілдетеді.

Көліктің сыртқы дизайнында Art of Steel тұжырымдамасы қолданылған. Ол айқын бедерлі доңғалақ аркаларымен, шанақтың нақты сызықтарымен және жаңартылған жарық техникасымен ерекшеленеді. Салонда екі деңгейлі алдыңғы панель мен үлкен орталық экран орнатылған.

Сатып алушылардың 44%-ы ең жоғары жабдықталған Inspiration нұсқасын таңдаған. Базалық H-Pick жинақтамасына тапсырыстардың 33%-ы, Exclusive нұсқасына 22%-ы тиесілі. Ал жол талғамайтын XRT нұсқасын сатып алушылардың шамамен 1%-ы таңдаған.

Алдымен жаңа модель Оңтүстік Корея нарығына шығады. Кейін Солтүстік Америка, Еуропа және басқа өңірлерде сатыла бастайды.

Қазақстанда жаңа Tucson өндірісін 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр.

Тағы да оқыңыз: Қазақстанда шығарылатын Hyundai көліктері арзандай ма – компания жауабы

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар