Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Баспана кезегінде тұрған азаматтың 400 пәтерде үлесі болған

kz.kursiv.media

Баспана кезегінде тұрған азаматтың 400 пәтерде үлесі болған

«Отбасы банкінің» бірінші тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы департаментінің директоры Азат Әшімов тұрғын үй кезегінде тұрғандардың арасында 400 пәтерде үлесі болған азамат анықталғанын айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Оның айтуынша, бұрын азаматтарға баспана бөлінген кезде ұсынылған нұсқадан бас тартса, қайтадан тұрғын үй алу мүмкіндігін күтуге тура келетін.

Қазір азаматтар өздеріне қолайлы ауданды таңдап, сол аумақтағы тұрғын үйді күте алады. Мәселен, Алматыда кезекте тұрған адамға Наурызбай ауданынан баспана ұсынылса, бірақ ол Медеу ауданын қаласа, ұсыныстан бас тартып, өзі таңдаған аудандағы тұрғын үйдің бөлінуін күте алады.

«Алматыда 2011 жылдан бері кезекте тұрған кейбір азаматтарға соңғы екі айда 11 ретке дейін баспана ұсынылған. Олар аудан өздеріне қолайсыз болғандықтан ұсынылған үйлерден бас тартты. Кейін өздері қалаған аудандағы баспананы таңдап алған. Сонымен қатар тұрғын үй кезегіне тұру талаптарына да өзгерістер енгізілген. Азат Әшімовтің айтуынша, бұрын мемлекеттік тұрғын үй алған адамның баспанадағы үлесі 50 пайыздан аспаса, кезекке тұруына мүмкіндік берілген. Алайда бұл талапты пайдаланған кейбір азаматтардың бірнеше пәтерден үлесі болған», – деді Әшімов.

Мысалы, үш пәтердің әрқайсысынан үштен бір үлесі бар азаматтар да тұрғын үй кезегіне тұра алған. Тағы бір жағдайда бір азаматтың 400 пәтерден үлесі болғаны анықталған.

Осыған байланысты «Отбасы банк» өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, заңнамаға өзгеріс енгізген. Жаңа талап бойынша, тұрғын үйдегі үлеске қатысты шектеулер азаматтың жалғыз баспанасына байланысты қарастырылады. Әшімовтың айтуынша, бұл өзгерістер мемлекеттік қолдауды баспанаға шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттауға мүмкіндік береді.

Тағы да оқыңыз: Отбасы банкі 50 млн теңгеден асатын ипотека үшін алатын комиссиясын қымбаттатады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар