Түркістанда видео түсіру үшін көліктің төбесіне шыққандар жазаланды
Түркістан облысында көліктің төбесіне шығып видео түсірген жүргізуші мен жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Полиция департаментінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталған оқиға Сайрам ауданында болған. Жол ережесін бұзу дерегі дронның көмегімен де тіркелді.
Жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін 22 жастағы жүргізуші мен 30 жастағы жолаушыға әкімшілік шара қолданылып, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Полиция өкілдері әлеуметтік желіде танымал болу үшін жасалған мұндай қауіпті әрекеттердің соңы қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.
Еске салайық, бұған дейін Алматы жолдарында көлікпен қарсы бағытқа шығып, қауіпті трюктер жасаған видеоларымен танылған блогер Назар Ролланның іздеуге жарияланған еді.
- Соңғы
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026