Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Рыбакинаның өзбекстандық теннисшіге қарсы матчы мерзімінен бұрын аяқталды

kz.kursiv.media

Рыбакинаның өзбекстандық теннисшіге қарсы матчы мерзімінен бұрын аяқталды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтинг көшбасшысы мәртебесіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Оның қарсыласы ойынды жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Нинбодағы (Қытай) WTA 500 сериялы турнирінің екінші айналымында Рыбакина өзбекстандық Полина Кудерметоваға қарсы алаңға шықты. Қазақстандық теннисші 5:0 есебімен алда келе жатқанда, қарсыласы денсаулығына байланысты ойынды әрі қарай жалғастыра алмайтынын мәлімдеді. Ойын 33 минутқа созылды.

Матч аяқталған соң, Рыбакина көз жасына ерік берген қарсыласын құшақтап, қолдау білдірді.

Келесі айналымда әлемнің үздік теннисшісі польшалық Катарина Каваға қарсы ойнайды. Рыбакина Нинбодағы турнирдің қазіргі чемпионы екенін де еске сала кетейік.

Айта кетейік, әлемнің бірінші ракеткасы атанғаннан кейінгі алғашқы матчында Рыбакина Бейжіңдегі турнирдің бастапқы кезеңінде армениялық Алина Чараевадан ұтылып қалған еді. Осы кездесуден кейін қазақстандық теннисші денсаулығына байланысты жарыстардан уақытша үзіліс алатынын хабарлап, Уханьдағы WTA 1000 турнирінен бас тартты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар