Атырауда жалған нөмір таққан Toyota Camry жүргізушісі куәлігінен айырылды
Атырауда жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланғаны үшін Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Polisia.kz хабарлауынша, қара түсті седан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында түнде Абай орталығы аумағында тоқтатылған. Тексеру кезінде патрульдік полиция қызметкерлері көліктің алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірінің жалған екенін анықтады.
Іс-құжаттары мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіліп, сот шешімімен заң бұзушыға бір жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру және екі тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Айта кетейік, осыған дейін Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгергенін хабарлаған еді.
- Соңғы
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026