Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев «Атлетико Мадрид» басшысымен Қазақстандағы футболдың болашағын талқылады

kz.kursiv.media

Тоқаев «Атлетико Мадрид» басшысымен Қазақстандағы футболдың болашағын талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияның «Атлетико Мадрид» футбол клубының бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады. Кездесуде Қазақстандағы футбол инфрақұрылымын дамыту, жас ойыншыларды даярлау және испаниялық клубпен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kursiv Media Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» клубымен қалыптасқан серіктестікті жоғары бағалап, Мигель Анхель Хиль Мариннің Қазақстанға сапары екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда футболды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Атап айтқанда, заманауи футбол инфрақұрылымын салуға, жаттығу базаларын жаңартуға және жас футболшыларды даярлау бағдарламаларына инвестиция құйылып жатыр.

Сонымен қатар елдегі футбол клубтарын жекешелендіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ФИФА-мен бірлесіп, еліміздің барлық өңірінде балаларға арналған 100-ден астам жаңа футбол алаңын салу жобасын қолға алғанын айтты.

Мемлекет басшысы Испания ұлттық құрамасы мен испаниялық футбол мектебінің жетістіктеріне де тоқталды. Ол Испанияның футболшыларды даярлаудағы тәжірибесін зерделеп, оны қазақстандық жас таланттарды тәрбиелеу ісінде қолдануға мүдделі екенін жеткізді.

Өз кезегінде «Атлетико Мадрид» клубының бас директоры Мигель Анхель Хиль Марин Қазақстанда футболды дамытуға көрсетіліп жатқан қолдау үшін Президентке алғыс білдірді.

Ол Алматы облысында орналасқан «Атлетико Мадрид» футбол академиясының инфрақұрылымын жоғары бағалады. Хиль Мариннің пікірінше, бұл академия болашақта футболшыларды даярлайтын үздік оқу-жаттығу кешендерінің біріне айналуы мүмкін.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар