Қазақстанда ірі салық берешегі бар азаматтардың шетелге шығуы шектеледі
Қазақстанда 1 қазаннан бастап ірі салық берешегі бар азаматтардың елден шығуына уақытша шектеу қою шарасы қолданыла бастады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлауынша, ереже жеке кәсіпкерлерге, өзін-өзі жұмыспен қамтитын тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғалардың бірінші басшыларына (немесе оларды алмастырушыларға) қолданылады.
Берешек көлемі 27 мың АЕК-тен асатын және ол пайда болған күннен бастап 3 айдан астам уақыт бойы төленбеген жағдайда. Шешім сот санкциясы арқылы жүзеге асады.
Комитеттің түсіндіруінше, бұл өзгерістер шағын берешектер үшін бизнестің жұмысын бұғаттауды тоқтатып, ірі салықты төлеуден қашатындарға жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.
Айта кетейік, елімізде салықты банк қосымшасы, eGov.kz немесе e-Salyq Azamat арқылы төлеуге болады.
- Соңғы
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026