Tesla жыл соңына дейін руль мен педалі жоқ Cybercab көлігін сатылымға шығармақ
Tesla жүргізушісіз жүретін Cybercab электромобилін клиенттерге 2026 жылдың соңына дейін жеткізуді бастауды жоспарлап отыр. Алайда бастапқы кезеңде көліктердің басым бөлігі компанияның өз роботакси паркіне жіберіледі. Бұл туралы Motor1 басылымы хабарлады.
Қазір шығарылып жатқан Cybercab көліктерінің барлығы Tesla компаниясының корпоративтік роботакси паркіне қосылып жатыр. Компания басшысы Илон Маск бұл модель жеке пайдалануға емес, ең алдымен жолаушылар тасымалдау қызметіне арналғанын атап өтті. Оның айтуынша, электромобильдердің басым бөлігі Tesla меншігінде қалады.
Компанияның автомобиль инженериясы жөніндегі вице-президенті Ларс Морави алғашқы кезеңде клиенттерге көлік жеткізу көлемі шектеулі болатынын түсіндірді. Алдымен Tesla автономды көліктерді сатып алушыларға тапсыру, оларды иелену және көлік паркін басқару үдерістерін жолға қоюды көздеп отыр.
Tesla Cybercab екі жолаушыға арналған. Көлікте руль мен педальдар жоқ, өйткені ол бастапқыдан-ақ жүргізушісіз жүруге бейімделіп жасалған. Алайда модельді рөлде адамсыз толыққанды пайдалану үшін компания бірқатар техникалық және заңнамалық талаптарды шешуі керек.
Қыркүйекте АҚШ-тың Жол қозғалысы қауіпсіздігі ұлттық басқармасы (NHTSA) Tesla компаниясының Cybercab электромобилінің федералдық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін қандай негізде растағанын тексеруге кірісті. Қолданыстағы талаптар бойынша көлікте жүргізуші басқаратын дәстүрлі басқару тетіктері болуы керек, ал Cybercab-та олар қарастырылмаған.
Tesla компаниясының жасанды интеллект бағытының жетекшісі Ашок Эллусвами алғашқы көліктерді роботакси желісіне қосудың межелі мерзімі ретінде 2027 жылдың екінші тоқсанын атады. Дегенмен әзірге бұл – компанияның жоспары.
Остинде Cybercab арқылы ақылы жолаушы тасымалдау қызметі 2026 жылғы 3 қыркүйекте басталды. Ал қарашада Tesla бұл қызметті Даллас қаласында іске қосуды жоспарлап отыр.
Тағы да оқыңыз: Спорткар ауада төңкерілді: Tesla жаңа Roadster-ді таныстырды
- Соңғы
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026