Пашинян Арменияның ЕАЭО-мен қарым-қатынасын сын-қатер деп атады
Никол Пашинян Арменияның Еуразиялық экономикалық одақпен қарым-қатынасын сын-қатерлердің бірі ретінде атады, деп жазады Kursiv.Media.
Спутник Армения ақпаратына қарағанда, ол бұл туралы 22 қазанда Ереванда өткен үкімет отырысында мәлімдеген.
«Арменияда экономикалық белсенділік айтарлықтай жақсы деңгейде. Әрине, сын-қатерлер де бар. Қазір солардың бірі – ЕАЭО аясындағы қарым-қатынасымыз. Бұл бағытта алдағы уақытта жұмыс істейтін боламыз», – деді Пашинян.
Премьер-министрдің айтуынша, үкімет саясаты экономикалық өсімді сақтауға, сондай-ақ Арменияның егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға бағытталады. Сонымен қатар ел экономикалық байланыстарын әртараптандыруды жалғастырып жатыр. Пашинян қолда бар көрсеткіштер әртүрлі серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Айта кететін жайт, Пашинян Армения мен Әзербайжанға аумақ алмасуды ұсынған болатын.
- Соңғы
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026