Ұлттық банк әшекей ретінде тағуға болатын күміс монеталарды шығарды
Қазақстан Ұлттық Банкі «Сиқырлы нышандар» сериясынан «AQYQ» коллекциялық монетасын айналысқа шығарады. Күміс монетаны әшекей-бұйым ретінде де пайдалануға болады, деп хабарлайды Kursiv.Media банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«AQYQ» – жартылай асыл тас. Халцедон тобына жатады. Зергерлік бұйымдар мен сәндік заттарда қолданылады.
«Монетаның көркемдік безендірілуінен қазақ зергер өнерінің қолтаңбасы айқын көрінеді: зерделі сіркелеу әдісі, теріс бетіндегі өрнек пен ақық қондырмасы өзара жарасым тапқан. Монетаның жоғарғы бөлігінде алқа бауын тағуға мүмкіндік беретін арнайы баулық қарастырылған», – дейді ҚҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаментінің бас дизайнер-маманы Жанна Нөгербек.
925 сынамалы күмістен дайындалған монетаға ақық тасы қондырылған. Оның массасы – 20 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – «antique silver», номиналы – 1 000 теңгелік, дайындау таралымы – 5 000 дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай барлық төлем түрінде қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.
Айта кетейік, коллекциялық монеталар 2026 жылғы 27 қазаннан бастап ҚҰБ интернет-дүкенінде сатылады.
Бұған дейін Ұлттық банк «Қазақстанның жер қойнауы» сериясынан жаңа коллекциялық монетаны 12 қазанда айналысқа шығарғанын хабарлаған еді.
- Соңғы
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026