Патох Шодиев, Шухрат Ибрагимов пен Машкевич мұрагерлері брокерден дивиденд алмайды
Миллиардер Патох Шодиев, Шухрат Ибрагимов пен Александр Машкевичтің мұрагерлері «Еуразиялық Капитал» компаниясынан дивиденд алмайтын болды. 2025 жылғы 686 млн теңге таза пайдасы брокерлік холдингтің өзінде қалады, деп хабарлайды KursivMedia.
ҮШ миллиардердің әулеті брокерлік холдингке «Еуразиялық қаржы компаниясы арқылы иелік етеді. Қаржы есептілігі депозитарийіндегі хабарламаға сәйкес, компанияның жалғыз акционері бұл шешімді 19 қазанда шығарған.
«Еуразиялық Капитал» АҚ-ның 2025 жылға арналған 686 275 063,87 (алты жүз сексен алты миллион екі жүз жетпіс бес мың алпыс үш) теңге, 87 тиын көлеміндегі таза табысын бөлудің келесі тәртібі бекітілсін. Таза табыс бөлінбейді және қоғамның қарамағында қалады. Компанияның қарапайым акциялары бойынша дивидендтер 2025 қаржы жылына төленбейді», – делінген хабарламада.
Компанияның 100% акциясы «Еуразиялық қаржы компаниясына» (ЕҚК) тиесілі. Жыл басында акционерлер құрамында өзгерістер болып, Шухрат Ибрагимов 30% үлеспен қатарға қосылды, анасы Мұқадасхан Ибрагимованың үлесі 3,3%-ға дейін азайды.
Сондай-ақ мұрагерліктің рәсімделуіне байланысты Александр Машкевичтің үлесі Лариса, Анна және Алла Машкевичтерге өтті.
Қазіргі таңда ЕҚК акционерлері: Патох Шодиев (33,3%), Шухрат Ибрагимов (30%), Мукадасхан Ибрагимова (3,3%) және Лариса, Анна мен Алла Машкевичтер (әрқайсысы 11,1%).
- Соңғы
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026