Ұлытауда отбасылық зорлық-зомбылық бойынша 568 адам бақылауға алынды
Ұлытау облысында отбасылық зорлық-зомбылық бойынша 568 адам бақылауға алынды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Polisia.kz хабарлауынша, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында полиция профилактикалық есепте тұрған 568 адамды бақылауда ұстап отыр. Сонымен қатар өңірде 629 қорғау нұсқамасы шығарылып, құқық бұзушылардың мінез-құлқына қатысты 257 ерекше талап белгіленді.
«Аталған шаралар тұрмыстық жанжалдардың ушығуына жол бермеуге, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және зардап шегу қаупі бар азаматтарды қорғауға бағытталған. Полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған адамдармен жұмыс жүргізіп, олардың заң талаптарын сақтауын бақылауда ұстайды», – делінген хабарламада.
Полицияның пікірінше, отбасындағы зорлық-зомбылықты жеке мәселе деп қарастыруға болмайды. Қорқыту, қысым көрсету және күш қолдану белгілеріне дер кезінде назар аудару ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік береді.
«Мұндай жағдайлар туралы полицияға уақытылы хабарлау құқық бұзушылықтың жолын кесіп, оған заң аясында тиісті баға беруге ықпал етеді», – делінген хабарламада.
Айта кететін жайт,Құрылтай депутаты Айжан Аймағанова зорлық-зомбылықтың алдын алатын электронды бақылау енгізуді ұсынған еді.
- Соңғы
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026