Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ҚТЖ Азия банкінен 135 млн долларға дейін қарыз алуды көздеп отыр

kz.kursiv.media

ҚТЖ Азия банкінен 135 млн долларға дейін қарыз алуды көздеп отыр

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы үшін Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 135 млн долларға дейін қаражат тартуды көздеп отыр, деп хабарлайды Kursiv.media.

Жоба аясында Қазақстанның оңтүстігінде 115 шақырым теміржол төселеді. Азия банкі сайтындағы жобалық құжаттамаға сәйкес, қарызды мемлекеттік кепілдіксіз бөлу жоспарланған.

Қазіргі уақытта жобаның мән-жайы қаралып жатыр.

«Дарбаза» станциясынан «Мақтаарал» станциясына дейінгі теміржол желісінің құрылысы 2024 жылдың наурызында ҚТЖ-ның өз қаражаты есебінен басталған. АИИБ деректері бойынша, 2026 жылғы шілдеде нысанның дайындығы 78%-ды құрады. Құрылыс 2026 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс.

Жаңа біржолды желі Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстан арасында қосымша теміржол қатынасын орнатады. Жобаның басты мақсаты – «Қазақстан – Өзбекстан» теміржол дәлізінің өткізу қабілетіндегі шектеулерді азайту, өңірлік жүк тасымалын арттыру және Орталық Азиядағы халықаралық әрі транзиттік сауданы қолдау.

АИИБ бұл жобаға экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер бойынша «А» санатын берді. Құжаттамада теміржол құрылысы мен оның болашақтағы жұмысы табиғатқа, жан-жануарларға және жол құрылысы түсетін аумақтағы жергілікті тұрғындардың өміріне әсер етуі мүмкін екені жазылған.

Жаңа теміржол бағыты Шардара су қоймасының табиғаты бай әрі қорғалған аумағы арқылы өтеді. Банк сарапшыларының айтуынша, құрылыс сирек кездесетін үш жануар түрінің мекендеу ортасына тікелей әсер етеді.

Табиғатқа келтірілетін зиянды азайту үшін арнайы іс-қимыл жоспары әзірленді. Онда экожүйеге келген шығынды өтеу, құрылыс аяқталған соң құстардың өлімін бақылау және теміржол іске қосылғаннан кейін де табиғатты қорғау шаралары қарастырылған.

АИИБ-ден бөлек, жобаға Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) мен Азия даму банкінің (АДБ) қатысуы қарастырылған. Экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер осы үш қаржы институтының да талаптары ескеріле отырып бағаланады.

Жоба үшін қосымша экологиялық және әлеуметтік құжаттар, соның ішінде қоршаған ортаға және әлеуметтік салаға әсерді бағалау, мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары және көшіру жоспары дайындалды. Құжаттар АИИБ мен ҚТЖ сайттарында жарияланған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар