Әлемнің бай адамдары алтындарын Сингапурда сақтап жүр
Геосаяси шиеленіс пен саяси тұрақсыздық фонында АҚШ, Еуропа және Таяу Шығыстың ірі инвесторлары өз алтын қорларын Сингапурға белсенді түрде көшіре бастады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Bloomberg агенттігінің жазуынша, 2014 жылдан бері Сингапурдағы жеке алтын қоры 16 есеге жуық өсіп, 800 тоннадан асқан.
Ал Silver Bullion компаниясындағы шетелдік клиенттерге тиесілі алтын көлемі 2020 жылдан бері үш есе артып, 8,6 тоннаға жетті.
Сингапур билігі Гонконгпен бәсекелесе отырып, бұл трендті елді асыл металдар саудасының негізгі азиялық орталығына айналдыру үшін белсенді түрде пайдаланып отыр.
Бұған дейін Forbes әлемдегі ең дәулетті 10 адамның тізімін жаңартты. Олардың көбі АҚШ-та тұрады. Олар технологиялар мен жасанды интеллектінің қарқынды дамуының арқасында дәулеттерін арттырған.
Бірінші орында дәулеті 1 трлн доллардан сәл асатын Илон Маск. Екінші және үшінші сатыда – Google негізін қалаушылар Ларри Пейдж бен Сергей Брин орналасқан, олардың капиталы тиісінше 291 және 269 миллиард долларды құрайды.
- Соңғы
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026