Әлеуметтік желіде ақша жинау қатаң бақылауға алынады
Қазақстанда азаматтардың әлеуметтік желілерде өз пайдасына қаражат жинауын реттеу және жиналған ақшаның жұмсалуы бойынша есеп беруді міндеттеу ұсынылып жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Мәдениет және ақпарат министрлігі дайындаған тиісті заң жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Қаражат жинайтын азаматтар «қайырымдылық еріктісі» статусын алады. Жиналған ақшаны мақсатсыз пайдаланған жағдайда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қаржы жинаушылар бірыңғай цифрлық ресурсқа жылу ашылғаны туралы мәліметті және қаражаттың жұмсалуы бойынша есептерді орналастыруға міндеттеледі.
Қайырымдылық жәшіктерін орнату үшін ғимарат иесімен келісімшарт қажет болады. Ақшаны сандықтан алу процесі кемінде 3 өкілдің қатысуымен және акт толтыру арқылы жүзеге асырылады.
Жобаға сәйкес, бұдан былай қайырымдылық қорлары өздерінің ресми атауында статусын міндетті түрде көрсетуі тиіс.
Елде волонтерліктің цифрлық паспорттары (жұмыс бағыты, сағаттар,нәтижелер) қалыптасатын бірыңғай платформа құрылады.
Сонымен қатар, құжат медиация, шығармашылық одақтарды қаржыландыру және үкіметтік емес секторды реттеу ережелеріне де өзгерістер енгізуді көздейді.
Заң жобасын қоғамдық талқылау 16 қарашаға дейін жалғасады.
Айта кетейік, осыған дейін «Ашық НҚА» жүйесінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде (ҚызПУ) білім беру гранты бойынша оқитын студенттерді тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуді тоқтату мәселесі талқыға түскен еді.
- Соңғы
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026