РФММ-де уланған оқушылар түгел ауруханадан шықты
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің асханасынан уланып, қалған барлық оқушы емделіп, ауруханадан шығарылды. Барлығы 58 балаға медициналық көмек көрсетілген. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған Kursiv Media жазады.
Басқарма мәліметінше, балалар қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында ем алған.
«2026 жылғы 12 қазаннан бастап барлығы 58 бала стационарға жатқызылды. Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмек көрсетіп, клиникалық хаттамаларға сәйкес ем жүргізді. Қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылған балалардың барлығы ауруханадан шығарылды», – деп жазылған басқарма хабарламасында.
Алайда ведомство балалардың ауруханаға түсуіне не себеп болғанын және оларға қандай диагноз қойылғанын нақтыламады.
Еске салайық, Алматыда 12-14 қазан аралығында физика-математика мектебінің 47 оқушысы ішек инфекциясына ұқсас белгілермен ауруханаға түсті. Одан кейін тағы бірнеше бала жатқызылды. Осыдан соң білім ошағы қашықтан оқытуға көшті.
Министрлік Алматыдағы оқушылары уланған мектеп басшылығына ескерту жасады. Алматы полициясы РФММ оқушыларының жаппай ауруханаға түсуіне қатысты қылмыстық іс қозғады.
- Соңғы
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026