Қазақстан футзалдан 2030 жылғы Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер атанды
Қазақстан футбол федерациясы футзалдан 2030 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін өткізуге өтінім берді. Қазақстан құрлықтық біріншілікті қабылдау құқығы үшін тағы алты елмен бәсекеге түседі, деп хабарлайды Kursiv Media.
УЕФА мәліметінше, 2030 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге ниет білдірген елдердің саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Қазақстаннан бөлек, турнирді ұйымдастыруға Испания, Хорватия, Франция, Финляндия, Грузия және Польша үміткер.
Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының бекіткен тәртібіне сәйкес, үміткер елдер соңғы өтінімдерін 2027 жылғы 8 маусымға дейін тапсыруы тиіс.
Ал футзалдан 2030 жылғы Еуропа чемпионатын қабылдайтын ел 2027 жылдың қыркүйегінде УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында анықталады.
Айта кетейік, Қазақстан жақын жылдары УЕФА ұйымдастыратын бірқатар халықаралық іс-шараны қабылдайды.
Атап айтқанда, 2027 жылы Астанада УЕФА-ның 51-конгресі өтеді. Сонымен қатар елордада 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы футзалдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек, 2028 жылы «Астана Арена» стадионында футболдан УЕФА Суперкубогы сарапқа салынады.
Осылайша, Қазақстан алдағы жылдары бірнеше ірі халықаралық футбол іс-шарасын өткізуге дайындалып жатыр. Ал 2030 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатын қабылдау мәселесі 2027 жылдың қыркүйегінде шешіледі.
- Соңғы
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026