Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Threads-тегі видео астаналық азаматтың 10 тәулікке қамалуына себеп болды

kz.kursiv.media

Threads-тегі видео астаналық азаматтың 10 тәулікке қамалуына себеп болды

Астанада түнгі клубтың жанында қоғамдық тәртіпті бұзған тұрғын 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Елорданың Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлауынша, 17 қазан күні таңғы сағат 05:00 шамасында азамат түнгі клуб маңындағы қоғамдық орында дәрет сындырған.

Тәртіп бұзушылық фактісі Threads әлеуметтік желісінде жарияланған видеожазба арқылы дәлелденді.

Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін және оқиға кезінде мас күйде болғанын айтты.

Сот азаматты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша айыпты деп тапты. Оқиғаның мән-жайын ескере отырып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар