Тоғыз айда алтын өндірісі 11 пайызға төмендеді
Қазақстанда алтын өндірісі төмендеп жатыр. 2026 жылдың тоғыз айында өңделмеген және жартылай өңделмеген алтын мен алтын ұнтағын шығару көлемі 11 пайызға қысқарды, деп хабарлайды Kursiv.Media energyprom.kz деректеріне сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңделмеген және жартылай өңделмеген алтын өндірісінің көлемі 127 тоннаны құрады. Бұл 132,3 тонна өндірілген 2024 жылғы көрсеткіштен 4%-ға аз.
Аффинаждалған (ең жоғары тазалыққа дейін жеткізу процесі) алтын шығару көлемі де теріс динамика көрсетті. Бұл сегментте бір жыл ішіндегі өндіріс 4,2%-ға қысқарып, 74,3 тоннадан 71,2 тоннаға дейін төмендеді.
2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда өңделмеген, жартылай өңделмеген түрдегі, сондай-ақ ұнтақ формасындағы 84,7 тонна алтын өндірілді. Салыстырмалы түрде айтсақ 2025 жылдың сәйкес кезеңінде 95,2 тонна алтын өндірілген.
Осылайша, тоғыз айдағы өндіріс көлемі 10,5 тоннаға немесе 11%-ға азайған.
Ұқсас тенденция аффинаждалған алтын сегментінде де байқалады. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында оны шығару көлемі 47,7 тоннаны, ал 2025 жылдың сәйкес кезеңінде 53,5 тоннаны құрады. Мұнда да төмендеу көрсеткіші 11%-ға жетті.
Айта кететін жайт, алтын өндірісінің көрсеткіштері статистикалық есепке алу әдістемесіне және ескерілетін тауар категорияларына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
- Соңғы
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026