Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешенінде жарылыс болып, екі бала зардап шекті

kz.kursiv.media

Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешенінде жарылыс болып, екі бала зардап шекті

22 қазанда Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешенінде газ-ауа қоспасының жарылысы болды. Оқиға салдарынан екі кәмелетке толмаған бала жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды Kursiv Media.

Оқиға Алматының Медеу ауданындағы Қаппаров көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйде болған.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың салдарынан үш пәтерге зақым келген. Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан ғимараттың панорамалық терезелері сынғанын, ішкі қабырғалары мен есіктері қирағанын көруге болады. Тұрғын үйдің айналасына әйнек сынықтары мен құрылыс материалдарының қалдықтары шашылған. Сондай-ақ жақын маңда тұрған бірнеше автокөлікке зақым келген.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, жедел жәрдем бригадалары және басқа да төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жеткен.

A post shared by Курсив (@kursiv.media.kz)

Алматы қаласының әкімдігі оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, тұрғын үйде газ-ауа қоспасы тұтанбай жарылған.

«22 қазанда Алматы қаласының Медеу ауданында, Қаппаров көшесіндегі үш қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасының тұтанусыз жарылысы болды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға табиғи газдың шығуы себеп болуы мүмкін», – делінген әкімдік хабарламасында.

Әкімдік жарылыстан екі кәмелетке толмаған баланың жеңіл жарақат алғанын растады.

Қазіргі уақытта жауапты қызметтер оқиғаның нақты себебі мен мән-жайын анықтап жатыр. Газдың қай жерден шыққаны және тұрғын үйге келтірілген материалдық шығын көлемі әзірге белгісіз.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар