Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сарқанда ірі өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр

kz.kursiv.media

Сарқанда ірі өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр

Жетісу облысының Сарқан ауданында ірі табиғи өрт шықты. Қазір өртті сөндіруге құтқарушылар мен орман шаруашылығының қызметкерлері жұмылдырылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Құрақсу орманшылығы аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр. Өрт шарпыған аумақ шамамен 15 гектарды құрайды.

Өртті сөндіруге Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен орман шаруашылығының күштері мен құралдары тартылған. Сонымен қатар, «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылып, әуеден жалпы көлемі 11,4 тонна су төгілген. Тікұшақ 19 рет су шашқан.

ТЖМ мәліметінше, әзірге елді мекендер мен шаруа қожалықтарға қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Публикация от Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (@112kz_)

Айта кетейік, осыған дейін Өскеменде үш қабатты тұрғын үй өртеніп, 8 адам эвакуацияланған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар