"679 грамм болып туған": дәрігерлер 70 күн бойы шақалақтың өмірі үшін күресті
Алматы қаласының дәрігерлері салмағы небәрі 679 грамм болып туған шала нәрестені аман алып қалды. Сәби 70 күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан, деп хабарлайды Kursiv.Media Денсаулық сақтау министрлігің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұл бала 2026 жылғы 8 тамызда жүктіліктің 26 аптасы мен 6 күнінде дүниеге келген. Анасы шұғыл түрде перинаталдық орталыққа жеткізілген. Жүктілік кезіндегі асқынуларға байланысты медициналық көрсетілімдер бойынша кесар тілігі жасалған.
«Реанимацияда 70 күн, өкпені жасанды желдету аппаратында 43 күн, СИПАП әдісімен тыныс алуды қолдау кезінде тағы 25 күн өткізген сәби ақыры анасымен қауышты», – деп жазды ведомство.
Өмірінің алғашқы минуттарынан бастап нәрестеге қарқынды медициналық көмек қажет болды. Осы уақыт бойы медицина мамандары оның жағдайын тәулік бойы бақылап, қажетті ем-дом жүргізді.
Өмір үшін ұзаққа созылған күрестен кейін көптен күткен сәт туды: сәби реанимациядан шығып, анасының қасына жатқызылды.
Қазір нәрестенің туғанына 75 күн болды. Салмағы 1 800 грамға жетті. Үшінші күн қатарынан анасымен бірге палатада жатыр.
Бұған дейін де Алматы дәрігерлері жаңа туған нәрестеден 2 келілік ісікті алып, баланың өмірін аман алып қалған еді.
- Соңғы
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026