Жыл басынан бері су саласына 192,6 млрд теңге инвестиция тартылды
2026 жылдың тоғыз айында су саласының негізгі капиталына 192,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Ал 2023 жылғы қыркүйекте Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері саланың негізгі капиталына салынған инвестициялардың жалпы көлемі 970,8 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Министрліктің дерегіне қарағанда, 2024-2025 жылдары су саласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 676,7 млрд теңгені құрады. Бұл алдыңғы екі жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 79%-ға жоғары.
Тартылған инвестициялар есебінен жүзеге асырылып жатқан жобалардың қатарында Ислам даму банкімен бірлесіп Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында үш су қоймасын салу, Азия даму банкінің қолдауымен Ақмола облысында Есіл контрреттегішін салу және басқа да ауқымды жобалар бар.
Инвестициялар сумен жабдықтау сенімділігін арттыруға, су шығынын азайтуға және су ресурстарын басқару тиімділігін жақсартуға мүмкіндік беруі тиіс. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық қаржылық қолдаумен ғана шектелмейді. Ол заманауи технологияларды енгізуді, саланы цифрландыруды, кадрлық және ғылыми әлеуетті нығайтуды, сондай-ақ озық тәжірибе алмасуды да көздейді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Бұған дейін kursiv.media су саласына 1,13 трлн теңге жетіспейтінін жазған еді. Осыған орай министр Нұржан Нұржігітов жетіспейтін қаржыны қайдан тарту жоспарланып отырғанын айтқан еді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026