Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Париждегі қақтығыстарға байланысты танымал мұражайлар жабылады

kz.kursiv.media

Париждегі қақтығыстарға байланысты танымал мұражайлар жабылады

Францияның Мәдениет министрлігі 24 қазан, сенбі күні Париждегі бірнеше әйгілі музей жұмысын уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Қалада тағы да ірі қақтығыстар болады деген ақпараттан кейін осындай шешім қабылданып отыр деп жазады Kursiv Media.

Жабылатын нысандар қатарында Лувр, Орсе, Пикассо музейлері және Гран-Пале көрме кешені бар. Министрліктің түсіндіруінше, қызметкерлерді қорғап, өнер туындыларын дін аман сақтау үшін уақытша жаба тұру дұрыс деп шешкен. Ведомство өзіне қарасты барлық мәдени мекемелерді алдын ала қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырды.

Айта кету керек, Франциядағы тәртіпсіздік әлі де жалғасып жатыр. 19 қазанда өнер және мәдениет оқу орындарының студенттері Лувр музейінің кіреберісін жауып тастады. Соның салдарынан музей әдеттегі уақытта ашыла алмаған. Наразылыққа негізінен Лувр жоғары мектебінің және Париждегі басқа да оқу орындарының студенттері қатысқан.

Қауіпсіздікке байланысты Гран-Пале көрме кешенінде өтіп жатқан халықаралық заманауи өнер жәрмеңкесі Art Basel Paris те мерзімінен бұрын аяқталады. Ұйымдастырушылар іс-шараны жоспарланған уақыттан екі күн бұрын, 23 қазан, жұма күні кешке жабу туралы шешім қабылдаған.

Ел билігі 24 қазан, сенбі күні Парижде қақтығыстардың жаңа толқыны болуы мүмкін деп болжап отыр. Осыған орай 22 қазанда Эммануэль Макрон Елисей сарайында арнайы қызметті жинап, шұғыл жиын өткізді. ІІМ сенбіде көшеге шығатын тәртіп сақшыларының санын тағы 20%-ға көбейтті.

17 қазанда елдің бірнеше қаласында өте үлкен тәртіпсіздіктер болды. Әсіресе, Парижде бетін бүркеген адамдар дүкендердің терезесін сындырып, тонап, кейбір ғимараттарға өрт қойды. Наразылық акциялары Лион, Марсель, Тулуза, Лилль, Страсбург, Лимож, Бордо және Гренобль қалаларында да болып өтті.

Осыдан кейін 18 қазанда Макрон мәлімдеме жасап, тәртіпсіздіктерге қатысқандарды жазалауға уәде берді. Бірнеше қалада коменданттық сағат енгізілді. Қаржы сарапшыларының бағалауынша, ереуілдің шығыны 1,2 млрд еуроға жетуі мүмкін.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар