Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қысқы дөңгелектің қызмет ету мерзімін қалай ұзартуға болады

kz.kursiv.media

Қысқы дөңгелектің қызмет ету мерзімін қалай ұзартуға болады

Көліктің қысқы дөңгелегінің жарамдылығы тек протекторына немесе шегелеріне ғана байланысты емес. Оны дұрыс сақтау, уақытында тексеру және көлікті ұқыпты жүргізу дөңгелектің қызмет ету мерзімін ұзартуға көмектеседі. ROSSKO компаниясының техникалық маманы Константин Ершов қысқы шинаны күтіп ұстағанда оның тозуына, қысымына және пайдалану жағдайына назар аудару керегін айтады.

Қысқы дөңгелекті көлікке орнатпас бұрын оның жағдайын мұқият тексерген жөн. Протектордың тозуына, жарықтарға, кесілген жерлерге, томпайған бөліктерге және біркелкі емес тозуға назар аудару қажет.

Шегелі шиналарда шегелердің түсіп қалмағанын да тексерген дұрыс. Ал протектор тереңдігі қарлы және мұзды жолда қауіпсіз жүруге әсер етеді. 4 мм шамасы қысқы жағдайда пайдалануға қатысты маңызды бағдар болғанымен, шинаның нақты жарамдылығын бағалағанда өндіруші талаптары мен тозудың жалпы деңгейін ескеру керек.

Егер резеңкеде зақым байқалса немесе протектор қатты тозса, шинаны ауыстыру мәселесін қарастырған жөн.

Маусымнан тыс уақытта дөңгелекті күн сәулесі тікелей түспейтін, салқын әрі құрғақ жерде сақтау ұсынылады. Жоғары температура, ылғал және күн сәулесі резеңкенің қасиеттеріне кері әсер етуі мүмкін.

Сақтауға қоймас бұрын шинаны кірден тазартып, зақымданған жерлерін тексерген дұрыс. Дөңгелектерді сақтау кезінде олардың түріне және өндіруші нұсқаулығына сай орналастыру қажет.

Жаңа шегелі шинаны орнатқаннан кейін алғашқы 500–700 шақырымда бірқалыпты жүрген жөн. Кенеттен үдеу, қатты тежеу және күрт бұрылу шегелердің орнығуына кері әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар шинаның қысымын үнемі тексеріп отыру қажет. Қысымның тым төмен немесе жоғары болуы дөңгелектің тозуын жылдамдатып, көлікті басқаруға әсер етеді. Дөңгелектерді теңгеру мен орнатылу бұрыштарын уақытында тексеру де маңызды.

Ескі қысқы шинаның жағдайы нашар болса, оны күн суытқанша күтпей ауыстырған дұрыс. Маусым басталған кезде сұраныс артып, қажетті өлшемдегі шинаны табу немесе шиномонтажға жазылу қиындауы мүмкін.

Қысқы дөңгелекті дұрыс таңдау, күтіп ұстау және уақытында тексеру оның қызмет ету мерзімін ұзартуға әрі жолдағы қауіпсіздікті сақтауға көмектеседі.

Тағы да оқыңыз: Қысқы дөңгелекке қашан ауысу керек: маман кеңесі

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар