Қазақстандағы ең бай адамға тиесілі банк цифрлық активтер нарығына бет бұрмақ
Қазақстандағы ең бай адам – Вячеслав Кимге тиесілі банк цифрлық актвитер нарығына бет бұрады. Қор биржасы Аlatau City Bank пен Bigone Investment Ltd. KASE-нің цифрлық қаржы активтері (ЦҚА) мен цифрлық активтер (ЦА) платформасына қосылатынын хабарлады.
Қазір платформада 12 компания жұмыс істейді. Олардың қатарында Halyk Finance, BCC Invest, Fonte Capital, Private Asset Management, Pax Finance, Alta Telecom, NGDEM Global Limited, Paidax Limited, «Standard инвестициялық компаниясы» АҚ және BI Development Ltd. бар.
«Қатысушылар санының артуы инвесторларға Қазақстанның Ұлттық Банкінің қадағалауындағы сенімді әрі реттелетін ортада цифрлық активтермен жұмыс істеу үшін одан да көп мүмкіндік береді, – делінген хабарлама.
2025 жылы маусымда бұрынғы Jusan Bank ресми түрде атауын өзгертіп, Alatau City Bank атанды. Содан бір ай өткен соң миллиардер Вячаслав Ким ресми түрде қаржы ұйымын кәсіпкер Ғалымжан Есеновтен сатып алды.
Бұған дейін Alatau City Bank 50 млн доллар болатын долларлық коммерциялық қағаздарды Astana International Exchange (AIX) биржасына шығар.
Вячеслав Ким – елдегі ең бай әрі ықпалы кәсіпкерлердің бірі. Кaspi.kz-тің финтех компаниясының негізін қалаушылардың бірі әрі директорлар кеңесінің төрағасы. Forbes Kazakhstan бағалауынша, Кимнің байлығы 7,1 млрд долларға тең.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026