Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тимур Сүлейменов валюта нарығында "доллардың көбеюіне" қатысты пікір білдірді

kz.kursiv.media

Тимур Сүлейменов валюта нарығында доллардың көбеюіне қатысты пікір білдірді

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов валюта нарығында доллар көлемінің артуына қатысты пікір білдірді. Бас банкир валюта нарығында доллар ұсынысының арттуына мұнайдың қымбаттауы алай ықпал еткенін түсіндіріп берді, деп жазады Kursiv.Media.

Айтуынша, нарықта шетелдік валютаның көбейуі, ең алдымен, мұнай мен бағалы металл бағасының қымбаттауымен тікелей байланысты.

2025 жылдың басында мұнайдың баррелі 60-65 доллар айналасында болса, кейін 100 доллардан асып түскен. Бұл мұнай өндіруші компаниялардың экспорттан түсетін қаржысын едәуір арттырады. Сол қаржының белгілі бір бөлігі ішкі нарыққа түседі. Сонымен қатар, мыс пен өзге де металдардың бағасы 11–14 пайызға өскен.

Сонымен қатар ол «доллардың шамадан көп түсуі» деген ұғымның жоқ екенін айтты. Ұлттық банк басшысы оның орнына нарықтағы қосымша валюта көлемі туралы айтқан әлдеқайда дұрыс екенін атап өтті.

«Жалпы алғанда, біздің экспорт 27 пайызға ұлғайды, бұл экспорттық валюталық түсімнің де едәуір өскенін білдіреді. Сәйкесінше, нарыққа доллар көп түсіп жатыр. Ал нарықта тауар неғұрлым көп болса, оның бір бірлігінің бағасы соғұрлым арзандайды. Қазір тура осы процесс жүріп жатыр», – деп түсіндірді Сүлейменов.

Доллар бағамының бағамының арзандауына, сондай-ақ, шетелдік несиелер де ықпал етеді. Екінші деңгейлі банктер, жеке компаниялар мен квазимемлекеттік сектор сырттан доллармен қарыз алып, жобаларды теңгемен қаржыландырады. Олар валютаны теңгеге айырбастау үшін нарыққа шығарған кезде, доллар ұсынысын арттырып, оның бағамын арзандата түседі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар