Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев Жезқазған зауытындағы балқытушыға Еңбек ері атағын берді

kz.kursiv.media

Тоқаев Жезқазған зауытындағы балқытушыға Еңбек ері атағын берді

Республика күні қарсаңында Қазақстан Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды деп жазады Kursiv Media.

Марапат иелерінің қатарында өндіріс, бизнес, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының өкілдері, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Ә. Доспановқа берілді.

Композитор, мәдениет және өнер қайраткері А. Қоразбаев «Отан» орденімен марапатталды.

І дәрежелі «Барыс» орденіне «TNS-group» концерні заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Т. Жұмағұлов пен актер Н. Ықтымбаев ие болды. ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен білім саласының ардагері Е. Мәмбетқазиев пен альпинизм федерациясы вице-президенті Қ. Уәлиев марапатталды. Ал ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені В. Тюркин, С. Шаңғұтов және басқа азаматтарға берілді.

Елдің дамуына үлес қосқан ғалымдар, мәдениет қайраткерлері мен өндіріс өкілдері «Парасат» орденіменмарапатталды. Олардың қатарында тілтанушы Н. Уәли, археолог А. Подушкин, Қарағанды медициналық университетінің профессоры М. Түсіпбекова, «Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы Д. Жұмбеков және «Радуга» ЖШС бас директоры Д. Шарапаев бар.

«Құрмет» орденін мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, медицина және әлеуметтік қолдау салаларында еңбек етіп жүрген бірқатар азамат алды. Олардың арасында «Өзенмұнайгаз» АҚ кран машинисі Б. Досқарин, балалар дәрігері Б. Медетбаев, онкологиялық ауруларды қолдау қорының негізін қалаушы Н. Плохих және «Қамқорлық» оңалту орталығының басшысы А. Мұсафирова бар.

Ал қоғамдық келісім мен ұлтаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін «Ел бірлігі» орденімен Түрікмен қоғамдық-мәдени орталығының құрметті төрағасы Г. Аннакулиева, «Вайнах» этномәдени бірлестігінің төрағасы У. Джанаев, Қазақстандық немістер бірлестігінің атқарушы директоры Д. Редлер және «Tamos Space School» мұғалімі Д. Ромащенко марапатталды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар