Республика күні қарсаңында елде қалың қар жауып, боран соғады - синоптиктер
«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес елдің басым бөлігінде қар аралас жауын шашын жауады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында, 24 қазанда шығысында, сондай-ақ 24 және 26 қазанда Қарағанды облысында қар аралас жауын-шашын болады. Ал Маңғыстау облысында аздаған жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл соғуы мүмкін.
24 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, боран соғады деп болжанады. Батыста, солтүстік-батыста және Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша тұман түседі. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1-8 градус аяз күтіледі.
Батыста күндіз ауа температурасының негізгі фоны +11…+18°С болады.
Солтүстікте түнде ауа температурасы −4…−10°С-тан 0…+5°С-қа дейін жоғарылайды, күндіз +2…+7°С-тан +6…+11°С-қа дейін аздап құбылады.
Орталықта түнде ауа температурасының негізгі фоны −2…−10°С, күндіз 0…+5°С-тан +5…+12°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды.
Шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны −5…−10°С, облыстың таулы аудандарында −13…−18°С болады. Күндіз −5…+5°С аралығында күтіледі.
Оңтүстікте күндіз ауа температурасының негізгі фоны +8…+15°С болады.
Оңтүстік-шығыста күндіз ауа температурасы +2…+7°С-тан +6…+12°С-қа дейін аздап жоғарылайды, таулы аудандарда −1…−6°С күтіледі.
- Соңғы
-
-
- Қазан, 23
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
24 қазан 2026