Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 350 млрд долларға жетіп қалды
Қазақстан экономикасы 2019 жылдан бері 30 пайызға өскен. Ал жалпы ішкі өнім көлемі 350 миллиард долларға жетіп қалды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған жиында айтты.
Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім көлемі 15 мың доллардан асты.
«Біз ұлттық экономиканың әлеуетін күшейтуге басымдық беріп, баса назар аударып отырмыз. Әлемдегі ең ықпалды елдердің қатарына қосылып, 34-орында тұрмыз, – деді президент.
Бұл ретте шағын және орта бизнестің ел экономикасына қосқан үлесі артып келеді.
«Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі айтарлықтай артты, яғни 40 пайызға жетті. Кәсіпкерлеріміз отандық тауар өндірісін ұлғайтып, жаңа іскерлік мәдениеті қалыптасуда. Бүгінде осы салада еліміздегі еңбекке жарамды азаматтардың жартысына жуығы жұмыс істеп жүр», – деді президент.
Бұған дейін мемлекет басшысы әлеуметтік жәрдемақылар кей жағдайда тиімсіз жұмсалып жатыр деп бағалап, Үкіметке арнайы тапсырма берген.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026