Базалық мөлшерлеменің төмендеуі азаматтардың несие пайызына қалай әсер етеді
Бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-дан 15,75%-ға дейін төмендетті. Алайда ақша-кредит саясаты жұмсарғанымен, халықтың несие пайыздары әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Азаматтар үшін несие мөлшерлемесі алдағы уақытта арзандай ма? Бұл сұраққа Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов баспасөз брифингінде жауап берді.
Айтуынша, ақша-кредит саясатының шешімдері мен базалық мөлшерлеменің өзгеруі нақты экономикаға бірден емес, 9-12 ай көлеміндегі кідіріспен әсер етеді.
«Базалық мөлшерлеменің төмендеуі екінші деңгейлі банктердің бірден өз несие келісімшарттарын қайта жазуға кірісетінін білдірмейді. Банктерде нақты кәсіпорынмен немесе жеке тұлғамен жасалған қолданыстағы келісімшарттар бар және онда нақты бекітілген пайыздық мөлшерлеме көрсетілген», – деді Тимур Сүлейменов.
ҰБ басшысының айтуынша, бұрын бекітілген несие шартының пайызы автоматты түрде өзгермейді. Банктер төмендетілген базалық мөлшерлемені тек жаңа келісімшарттар жасасқанда немесе несиені қайта қаржыландыру кезінде ғана қолдана бастайды.
Сонымен қатар, базалық мөлшерлеме банктер үшін тек бағдар болып есептеледі. Ал түпкілікті несие пайызы әр клиенттің несиелік тарихына, кепілтіктің болуына және тәуекел деңгейіне байланысты жеке белгіленеді.
«Сондықтан белгілі бір уақыт аралығынан кейін банк бұл өзгеріске мән білдіреді. Жыл басынан бері экономикадағы несиелік мөлшерлемелер шамамен 1%-ға төмендеді. Жалпы мөлшерлемелердің әрі қарай да арзандауын күтеміз», – деп түйіндеді сөзін Ұлттық банк басшысы.
Айта кетейік, ҰБ базалық мөлшерлемені -0,50 п.т дейін түсіріп, 15,75% межесіне дейін төмендетті.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 22
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
23 қазан 2026