Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Балқаш маңында темір мен марганец кені заңсыз өндіріліп келген

kz.kursiv.media

Балқаш маңында темір мен марганец кені заңсыз өндіріліп келген

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Балқаш қаласына қарасты Саяқ ауылының маңында темір мен марганец кенін заңсыз өндіруді тоқтатты. Заңсыз жұмысты «Vertex Co.» және «MiningMetall» ЖШС директоры ұйымдастырған, деп хабарлайды KursivMedia.

Агенттіктің тергеу жұмыстарына қарағанда, кен өндіру жұмыстары жер қойнауын пайдалануға тиісті құқықсыз және қажетті рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген.

Кен орындарын игеруге жалдамалы жұмысшылар мен экскаваторлар, тиегіштер, кен ұсататын қондырғы және самосвалдар сияқты арнайы техникалар тартылған.

Өндірілген кен ұсатылып, кейін сыртқа шығару және сату үшін теміржол станциясына жеткізіліп отырған.

Тексеру барысында жердің үстіңгі қабаты ауқымды көлемде аршылып, кен қазылған үш карьер анықталды. Оны қалпына келтіру үшін 485 млн теңге қажет.

«Қазып алынған топырақтың жалпы көлемі 338 мың текше метрге жеткен. Мамандардың есебінше, бүлінген жерді қалпына келтіріп, карьерлерді қайта өңдеуге жарамды күйге келтіру үшін 485 млн теңге қажет. Соттың рұқсатымен екі арнайы техникаға, бір автокөлікке және коммерциялық үй-жайға тыйым салынды», – делінген тергеу деректерінде.

Күдіктіге кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін Өскемен қаласында заңсыз алтын өндіруді ұйымдастырған екі шенеунік 4 жылға сотталды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар