ШҚО-да қар құрсауында қалған электр желісінің 7 маманы құтқарылды
Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райының салдарынан жолда қалған энергетика компаниясының қызметкерлері аман-есен қауіпсіз жерге жеткізілді, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Төтенше жағдай Күршім ауданына қарасты Құйған ауылдық округінің Татарка учаскесінде орын алған. Электр желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізіп жүрген 7 маман мінген екі автокөлік қалың қардың құрсауында қалып, қозғалыссыз тоқтаған.
Шақырту бойынша оқиға орнына өтімділігі жоғары арнайы техникамен жедел жеткен құтқарушылар мамандарды жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялады. Құтқарылған азаматтардың денсаулығы жақсы, оларға медициналық көмек қажет болмады.
Публикация от Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (@112shygys)
ТЖМ алыс жолға шықпас бұрын ауа райының өзгерістерін үнемі қадағалауды, дауылды ескертулер жарияланғанда алыс жолға шықпауды, қыс мезгілінде жолға шығар алдында құтқару қызметінің ұсынымдарын қатаң сақтауды ескертті.
Айта кетейік, осыған дейін Алматы маңында Іле Алатау сілемдерінде жарақат алған екі ресейлік альпинист Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару тікұшағымен құтқарылды.
- Соңғы
-
-
- Қазан, 23
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
24 қазан 2026