Қазақстандықтар қандай тауарды жеңілдікпен сатып алып жатыр
Қазақстандықтар Republic Day және Bereke Fest акциясын пайдаланып, киім-кешек, азық-түлік, тұрмыстық химия, балаларға арналған тауарлар және тұрмыстық техника сатып алып жатыр. Сауда министрлігі берген ақпаратқа сәйкес, 17-27 қазан аралығында мерекелік акцияларға 649 сауда нысаны қосылды.
Өңірлердің мәліметінше, акция кезінде күзгі-қысқы киімдерге сұраныс артқан. Оның ішінде күрте, пальто, джинсы шалбар, жемпір, спорттық костюм мен аяқкиім бар.
«Алматыда маусымаралық күрте 39 990 теңгенің орнына 25 990 теңгеге, джинсы шалбар 19 990 теңгенің орнына 13 990 теңгеге, ал балаларға арналған спорттық костюм 24 990 теңгенің орнына 13 740 теңгеге сатылып жатыр.
Астанада балалар күртелеріне 40%, парфюмерияға 40%, ал аяқкиімнің жекелеген үлгілеріне 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған», – делінген ақпаратта.
Bereke Fest акциясында азық-түлік өнімдерінің ішінде күнбағыс майы, ұн, қант, жарма, сүт өнімдері мен жұмыртқаға сұраныс жоғары.
Ұлытау облысындағы супермаркет мәліметінше, акция кезінде сатылым 20%-ға артқан.
«Алматы облысында Magnum, Small және Toimart сауда желілерінде сүт өнімдеріне, макаронға, күнбағыс майына, кондитерлік өнімдерге және басқа да тауарларға жеңілдіктер қарастырылған. Өңір ұсынған мәліметке сәйкес, акцияға қатысушы сауда нысандарының орташа тауар айналымы 20–25%-ға өскен», – деп хабарлады министрлік.
Айта кетейік, Republic Day акциясы сауда-ойын-сауық орталықтарын, сауда орталықтары мен сауда үйлерін қамтыса, Bereke Fest акциясы сауда желілерінде өтеді.
Republic Day және Bereke Fest науқандары 27 қазанға дейін жалғасады.
- Соңғы
-
- Қазан, 23
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
24 қазан 2026